АҚШ-та жеті жасар бала қарулы тонаушыны соққыға жықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Мэриленд штатындағы қарулы тонаушылар GameStop бейнеойындар дүкеніне басып кірді. Дүкеннің ешбір жұмыскері немесе сатып алушысы қаскүнемдерге қарсылық таныта алмады.
None
None

Ақыры сонда болған жеті жасар бала күтпеген жерден ерлік көрсетті: ол қолындағы ойыншығымен тонаушының ішінен бар күшімен ұрып жіберді.

Қылмыскерге балаға тойтарыс беруге тура келді. Абырой болғанда, ол оқушыға ешқандай жарақат салған жоқ. Дүкенде болғандардың ешқайсысы зардап шекпеген: қаскүнемдер оларды қабырғаға теріс қарата тұрғызып, кассада болған ақшаны алып, көлікке мініп кетті.

Полиция тонаушыларды іздеуге кірісті, деп жазады life.ru.

Соңғы жаңалықтар