АҚШ-тағы алапат өрттен көмек сұрап жатқан қазақстандықтар бар ма

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы алапат өртке қатысты мәлімдеме жасады. 

АҚШ-тағы алапат өрттен көмек сұрап жатқан қазақстандықтар бар ма
Фото: Yahoo News

- Қазақстан азаматтары бізден көмек сұрап хабарласқан жоқ. Жергілікті халықпен барлығы бірге көшіріледі, - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. 

АҚШ-тағы өрт шығынын сақтандыру жаба ала ма — Кazinform агенттігінің меншікті тілшісі мән-жайды байыптап көрген еді.

АҚШ президенті Джо Байден Калифорниядағы осы жағдайды штат тарихындағы ең ірі және ең жойқын өрт деп атады.

Калифорнияда орман өртіне байланысты апатты жағдай жариялады. 

Айта кетейік, Калифорниядағы орман өртінен қаза тапқандар саны 24-ке жетті.  

Сондай-ақ орман өртінің Гетти мұражайына қауіп төндіргені туралы хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар