АҚШ-тағы боран салдарынан 46 әуежайда рейстер кешігуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Қарлы боран Канзастан Нью-Джерсиге дейін соғады. Миссуридің солтүстік-шығысынан Орталық Аппалачиге дейін қалыңдығы 8-14 дюйм (3-5 см) қар жауады деп болжанды.

ұшақ, қыс, қар
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

«Америка дауысы» мәлім еткендей, бірнеше штаттың билігі жексенбі күні боран соғып, қар жауатынын, көлік қозғалысының бұзылуына әкелетін қысқы циклонның жақындап келе жатқанын ескертті.

American Airlines Канзастан Нью-Джерсиге дейінгі 46 әуежайды қамтитын жолаушыларға ескерту жасады, өйткені дауыл АҚШ-тың орта бөлігінен шығыс жағалауға қарай жылжиды деп болжануда.

Ұлттық синоптикалық қызметі (NWS) Канзас пен Миссуриде дауыл тұратынын, сондай-ақ Колумбия округіне дейінгі аймақтарда боран соғатынын ескертті.

CNN мәліметінше, бүкіл ел бойынша 70 миллионға жуық адам келе жатқан циклон туралы ескерту алды.

Синоптиктер дауыл батыстан шығысқа қарай жылжып, жексенбі күні таңертең Канзаста қар аралас жаңбыр жауатынын болжады.

Соңғы жаңалықтар