АҚШ-тағы өзбек мигранттары Джо Байденді сотқа берді

АҚШ-тағы өзбек мигранттары Джо Байденді сотқа берді
Коллаж: Daryo

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Мексика арқылы АҚШ-қа барған Өзбекстан азаматтары ел президенті Джо Байденді сотқа берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігіне қарасты Daryo ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ-тың түрлі иммиграциялық орталықтарында отырған 35 Өзбекстан азаматы арыз түсірген.

Қазір олар сот арқылы АҚШ президенті Джо Байденге, Ішкі қауіпсіздік министрлігінің хатшысы Алехандро Майоркасқа, Иммиграция және кеден қызметі директорының міндетін атқарушы Патрик Лейххайтнерге талап қойып отыр. Өзбекстандықтар өздерінің ұсталуын заңсыз деп тануды сұрайды. Өйткені ол ұлттық кемсітушілік болып саналады. Сонымен қатар олар адвокатқа жұмсалған шығындарды өтеп беруді талап еткен.

«Біз демалыс күні сотқа жүгіндік және ол қазіргі уақытта қаралып жатыр. Сот бұл өтінішті жүйеге енгізді, келесі қадам – үкіметтің аталған шешімді қабылдауы. Кейін біз істі жүргізетін судьяның тағайындалуын күтеміз», - деді адвокат Абадир Барре.

Сондай-ақ құжатта өзбекстандықтар талапқа сай келмейтін тергеу изоляторларында отырғанын және адвокатпен кездесу шектелгенін атап өткен.

Соңғы жаңалықтар