АҚШ-тағы президент сайлауы: 51 млн адам мерзімінен бұрын дауыс берді

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тағы алда болатын президент сайлауына қазірдің өзінде 51 млн-нан астам сайлаушы дауыс беріп үлгерді. Сайлау күніне бір апта уақыт қалды, деп хабарлайды The Hill. 

АҚШ сайлау
Фото: Midjourney

Флорида университетінің мерзімінен бұрын дауыс беру жүйесі ақпаратына сәйкес, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша пошта арқылы дауыс беру үшін 24 млн-нан астам бюллетень қайтарылды және 27 млн-ға жуық адам жеке келіп мерзімінен бұрын дауыс берді. 

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, бұл сайлаушылардың 39,5 пайызы тіркелген демократтар, ал 36,1 пайызы – республикашылдар. Бұл ретте барлық сайлаушылардың 41 пайызы – 65 жастан асқандар.

Басылым атап өткендей, Трамп пен республикашылдар бұған дейін мерзімінен бұрын дауыс беруге күмәнмен қарады.

2020 жылғы сайлауда барлығы 100 мыңға жуық сайлаушы жеке өзі немесе пошта арқылы мерзімінен бұрын дауыс берді.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс беретінін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар