АҚШ-тағы сайлау: Байден демалыс күндері кандидаттықтан бас тартуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Джо Байден алдағы демалыс күндері Конгресс басшылары тарапынан жасалған қысымның артуына байланысты президенттік жарыстан шығуы мүмкін, деп хабарлады Демократиялық партияның жетекші мүшелері Axios-қа.
Демократтар, сондай-ақ, Байден президенттік бәсекеден бас тартпаса, партия Конгрестегі көпшілік дауысын жоғалтады, ал Дональд Трамптың жеңісі Байден әкімшілігінің барлық жетістіктерін жоққа шығарады деп қауіптенеді.
Axios ақпарат көздерінің хабарлауынша, ең ықтимал сценарий - Байденнің президенттік бәсекеден кетуі, ал оның орнына АҚШ вице-президенті Камала Харрис келеді.
Алдыңғы күні Ақүйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер Байденге коронавирусты қайта жұқтыру диагнозы қойылғанын хабарлады.
Мемлекет басшысы өзін-өзі оқшаулау үшін Делавэрдегі үйіне барды, бірақ барлық міндеттерін қашықтан орындайды.
New York Times-тің хабарлауынша, Демократиялық партияның негізгі донорлары Байден сайлаудан бас тартқанша, президенттік науқанға 90 миллион долларға жуық қайырымдылық көмектерін тоқтатқан.