АҚШ-тағы сайлауға 70 миллионнан астам сайлаушы мерзімінен бұрын дауыс берді
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың 70 053 286 тұрғыны мерзімінен бұрын дауыс беру құқығын пайдаланған. Бұған Флорида штатының университеті жариялаған мәліметтер дәлел, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Олардың 37,4 миллионнан астамы сайлау учаскелеріне барып, дауыс берсе, 32,6 миллионға жуығы пошта арқылы дауыс берді.
АҚШ-та тіркелген сайлаушылардың саны шамамен 168 миллион адам Техас (7,9 миллион), Флорида (7,3 миллион) және Калифорния (6 миллион) штаттарында ерте дауыс берді.
Америка Құрама Штаттарында келесі жалпы сайлау 5 қарашада өтеді. Мемлекет басшысы лауазымына республикашыл Дональд Трамп пен демократ Камала Харрис таласады. Трамп Американың 45-ші президенті болды және 2017-2021 жылдар аралығында билікте болды. Харрис Америка Құрама Штаттарының вице-президенті қызметін атқарады.
Бұған дейін Kazіnform агенттігінің меншікті тілшісі Нью-Йоркте серуендеп, қаланың сайлау алдындағы дайындығына шолу жасағанын жазған болатынбыз.