Нью-Йорктегі серуен: қала президент сайлауына қалай дайындалып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM - Бірер күннен кейін – 5 қарашада АҚШ жұрты президент сайлайды. Амирика басшысы болуға екі үміткер – Республикалық партиядан Дональд Трапм және демократтардың атынан Камала Харрис таласып жатыр. Kazіnform агенттігінің меншікті тілшісі Нью-Йоркте серуендеп, қаланың сайлау алдындағы дайындығына шолу жасады.

Гуляя по Нью-Йорку: как город готовится к выборам президента США
Фото: Рахила Тлеуова/ Kazinform

Менің бағдарым Төменгі Манхэттеннен – Бэттери парк (Battery park) басталды. Бродвеймен (Нью-Йорктегі ең ұзын көше – ред. еск.) жалғасып, Time Square (Тайм Сквер) арқылы Trump Tower (Трамп Тауэр) дейін созылды. Гугл карта бұл бағдарды 2 сағат 4 минутта өтуге болады деп көрсетті, бірақ мен сайлауға қатысты «маңызды хабарламаны» жіберіп алмайын деп асықпай – 3 сағат 2 минут жүрдім. Көшеде, ғимараттарда үміткерлердің үгіт-насихат бағытындағы қандай да бір баннер немесе хабарламаларын байқамадым. Таңғалдым. Мүмкін кәсіпкерлер «ақша берсең де саясатқа араласпаймын» деген пікірді білдірген шығар. Кім білсін?!

Гуляя по Нью-Йорку: как город готовится к выборам президента США
Фото: скрин Google Maps
АҚШ-тағы China town
Фото: Рахила Тлеуова/ Kazinform

Жол бойы Чайна таунға да соқтым. Көшедегі сатушы және музыканттармен әңгімелестім. Мен олардан «Сайлауға барасыздар ма?» деп сұрағанымда жылы жымиып қоя берді.

Ал, Нью-Йорктің кейбір тұрғыны таңдауын ашық білдіріп, Дональд Трамптың «Make America Great Again» (Американы қайта мықты етеміз) деген ұраны жазылған бас киім және жейделерді киіп алған. Бұрынғы президенттің жақтаушыларын метродан жиі көрдім.

R трейн
Фото: Рахила Тлеуова/ Kazinform
R трейн
Фото: Рахила Тлеуова/ Kazinform

Трамп мұнарасына дейін шу, қаптаған туристер және америкалық мегаполистің нышанына – сары таксилер шығарып салды. Осы орайда айта кету керек, Нью-Йоркте мигранттар көп және олар «сайлауға қатты алаңдамайды».

Улицы Нью-Йорка в преддверии выборов в США
Фото: Рахила Тлеуова/ Kazinform

Айтқандай, қаланың бас кітапханасында дауыс беруге шақыратын алып баннерді де суретке түсіріп алдым.

Сөйтіп Тайм скверге де жеттім. Жарқылдаған үлкен экрандарда президент болуға үміткерлерді — Камала Харрис пен Дональд Трампты көрдім.

Улицы Нью-Йорка в преддверии выборов президента США
Фото: Рахила Тлеуова/ Kazinform
Здание Национальной библиотеки Нью-Йорка
Фото: Рахила Тлеуова/ Kazinform

Әйгілі алаңда журналистер стендап түсіріп, сайлауға сюжеттерін дайындап жатты. Әрі қарай мен бағдарымның соңғы нүктесіне – Трамп мұнарасына келдім. Trump Tower ғимаратына қарама-қарсы плакат ұстаған адамдар тұр екен.

Улицы Нью-Йорка в преддверии выборов президента США
Фото: Рахила Тлеуова/ Kazinform
Улицы Нью-Йорка в преддверии выборов президента США
Фото: Рахила Тлеуова/ Kazinform
Улицы Нью-Йорка в преддверии выборов президента США
Фото: Рахила Тлеуова/ Kazinform

Мұнараға қарсы бетті америкалықтар Трампқа қатысты кері пікірін білдіріп жатса, оның алдында және ішінде жағдай мүлдем басқа болды.

Улицы Нью-Йорка в преддверии выборов президента США
Фото: Рахила Тлеуова/ Kazinform

Мына Санта Клаус қонақтарды көңілді қарсы алып, хат жазуын өтініп тұр. Кез келген тілекті орындауға әзір екенін де жеткізді.

Trump Tower
Фото: Рахила Тлеуова/ Kazinform

Ал, Трамп тауэрдің ішінде «АҚШ-тың 45-ші президенті» деген жазудың қасында естелікке суретке түскен үміткердің жақтаушыларын көрдім. Ал, кейбір америкалықтар миллиардердің дүкенінде сауда жасайды.

Trump Tower
Фото: Рахила Тлеуова/ Kazinform
Trump Tower
Фото: Рахила Тлеуова/ Kazinform
Trump Tower
Фото: Рахила Тлеуова/ Kazinform

Нью-Йорк көшелеріне саяхатымды қорытындыласам, сайлауға шақыратын үгіттеуі жазбаларды көп көрмегінімді айтқым келеді. Бірақ бұл америкалықтар сайлауды талқыламайды дегенді білдірмейді. Айтпақшы, Нью-Йорк Сайлау комиссиясы ресми сайтында тұрғындарды алдын ала дауыс беруге шақырды. Алдын ала дауыс беру 26 қазанда басталды және 3 қарашаға дейін болады.

Сайлаудың алдын ала болжамына сүйенсек, екі үміткерге берілген дауыстың арасындағы алшақтық алыс емес. Демек АҚШ президенті болуға талас сайлау болатын күні қыза түсетіні анық.

АҚШ-тағы алда болатын президент сайлауына қазірдің өзінде 51 млн-нан астам сайлаушы дауыс беріп үлгергені туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар