АҚШ-тағы қазақстандық студент ерікті болып қатысқан сайлауалды науқан жайлы айтып берді

Алимана Global UGRAD 2016-2017 бағдарламасының жеңімпазы атанған және бір академиялық семестрін Мичиганда өткізеді. Бұл жерде ол неміс тілі мен «Америка мемлекеті» және «Американың сыртқы саясатын» оқиды. «Ерікті болдым, өйткені менің мамандығым саясатқа қатысты. Өзімде саяси үдерістерге қызығамын. Осындағы маңызды тарихи оқиға кезінде соған қатысқым келді. Маған оның қалай өтетінін ішінен бақылау қызықты болды. United Nations Model басшысынан саяси науқанға көмектесетін еріктілер қажеттігі туралы хат алдым», - дейді Алимана.
Оның айтуынша, іріктеуде айрықша талаптар болмаған. Ең бастысы - адамдармен тіл табыса білу және сендіре білу. Бастысы адамдармен тілдесіп оларды демократиялық партияға дауыс беруге ынталандыру. «Бұл үдеріс Get Out The Vote (дауыс берушілерді сайлауға қатыстыруға қол жеткізу) деп аталады. Бұл әдіс барынша көп дауыс жинауға мүмкіндік беретін тиімді әдіс. Ол үшін демократиялық партия кеңсесінен қала тұрғындарына қоңырау шалып, олардан кімге дауыс беретіні сұралады. Егер әлі шешім қабылдамаған болса, үміткер туралы мәлімет беріп, оған дауыс беруге шақырады. Мен қоңырау шалумен айналыстым», - дейді Алимана.
Жерлесіміздің айтуынша, еріктілер тұрғындар арасында сауалнама жүргізген, яғни қала тұрғынына барып, өздерінің үміткері жайында айтып берген. «Сайлауға байланысты барлығы алаңдаулы еді. Сол күні мен таңертеңнен кешке шейін еріктінің қызметімен айналыстым. Сабақтан соң кеңсеге кешке бардым. Дауыс беру учаскелері сегізде жабылады, біз науқанның соңғы сағатында да адамдарға хабарласып оларды дауыс беруге үгіттедік. Хиллари Клинтон жеңеді деп күткен едік. Алайда Трамп жеңгенін естігенді бәрі абыржып қалды. Адамдардың бірі сасқалақтап қалса, енді бірі күйінді, бірі қуанды. Менің құрбымның досы Трамптың жеңісін естігенде тіпті жылап жіберіпті», - дейді Алимана.
ҚазАқпарат тілшісі одан АҚШ-тағы сайлауға қатысқан жағдайда кімге дауыс берер екендігін сұрағанда ол таңдау қиын болғанын жеткізді. «Мен Хиллари Клинтонге дауыс берер едім. Ол орта деңгейлі адамдарға қолдау білдірмек болды және студенттердің оқуын барынша арзан немесе тегін қылғысы келді. Егер ол президент болса бұл оқиға әлемдегі үлкен құбылыс саналар еді, феминистер қозғалысының қарқын алуына септігі тиер еді», - дейді Алимана. Желтоқсан айында Алимана Жанмұқанова елге оралады.
Алимана Жанмұқанованың жеке мұрағатындағы суреттер берілді