АҚШ-тағы турнирдің ширек финалында қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев пен Бейбіт Жукаев жекелей сында АҚШ-тың Канзас штаты Уичито қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АҚШ-тағы турнирдің ширек финалында қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі

Осы жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Д.Евсеев екінші айналымда америкалық Райан Шейнмен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші 1 сағат 25 минутқа созылған матчта қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен ұтты.

Доданың алтыншы ракеткасы Д.Евсеев тағы бір америкалық Ноа Шахтердан айласын асырды – 6:4, 6:2.

Енді Д.Евсеев пен Б.Жукаев ширек финалда өзара кездеседі. Қай жеңгені жартылай финалға шығады.

Қазақстандық теннисшілер жұптық сында да жарыс жолын жалғастыруда. Олар ширек финалда ұлыбританиялық Дэвид Фокс – жапониялық Сюити Секигутиден өтуге тырысады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің АҚШ-тағы турнирді жеңіспен бастағанын , Анна Данилинаның Еуропадағы жарыстың финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.