Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы турнирді жеңіспен бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев пен Бейбіт Жукаев АҚШ-тағы турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Канзас штатының Уичито қаласында өтіп жатқан ITF M25 жарысында Д.Евсеев пен Б.Жукаев жұптық сында ширек финалға шықты.

Қазақстандық жұп бастапқы кездесуін америкалықтар Александр Ричардс – Авери Заваламен өткізіп, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Д.Евсеев пен Б.Жукаев жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың жартылай финалына шығу үшін ұлыбританиялық Дэвид Фокс – жапониялық Сюити Секигутимен таласады.

Қазақстандық теннисшілер жекелей сында да сәтті өнер көрсетуде. Бейбіт алғашқы айналымда канадалық Джошуа Лападатаны 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Оның келесі қарсыласы – америкалық Ноа Чаттер. Денис тағы бір америкалық Джошуа Шехиден айласын асырды – 6:4, 6:4.

Д.Евсеев екінші айналымда америкалық Райан Шейнмен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Испаниядағы жарыстың жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты.


Соңғы жаңалықтар