АҚШ-тан депортацияланбақ болған өзбекстандықтар еліне оралды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Әуелде АҚШ-тан Коста-Рикаға депортациялау жоспарланған 7 өзбекстандық Ташкентке оралды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Өзбекстанның Көлік министрлігі
Фото: Өзбекстанның Көлік министрлігі

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Өзбекстан мен АҚШ дипломаттары арасында өткен келіссөз нәтижесінде аталған азаматтарды елге қайтару бойынша келісім жасалған. 

— АҚШ тарапымен келіссөз нәтижесінде 24 ақпанда Нью-Йорк -Ташкент бағыты бойынша Өзбекстанға 7 азамат оралды. Оларды әуелде Коста-Рикаға депортациялап, уақытша орналастыру орталығына жайғастыру жоспарланған болатын, - делінген Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тағы мигранттарды Коста-Рикаға депортациялау бойынша Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі үндеу жасаған еді. Онда ведомствоның баспасөз хатшысы Ахрор Бурханов барлық азаматқа тиісті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар