АҚШ тарихындағы ең қымбат үй аукционға қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құны 350 млн долларды құрайтын, Америка тарихындағы ең қымбат үй сатылымға қойылды.

АҚШ тарихындағы ең қымбат үй аукционға қойылды

 Бель-Эйрде 1933 жылы салынған үй миллиардер Эндрю Джерролд Перенчиоға тиесілі болған.

Үйдің дизайны сәулетші Самнер Сполдингтің қолымен француздық неоклассика үлгісінде жасалған. Үйдің аумағы 2,3 мың шаршы метрді құрайды.

Мұнда  бас ғимараттан басқа  қонақтарға арналған коттедж, теннис корты, 40 машинаға арналған автотұрақ және хауыз бар