АҚШ Таяу Шығысқа әскери кемелерін жібереді
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Иран мен Ливан тарапынан жасалуы мүмкін шабуылға байланысты Таяу Шығысқа сүңгуір қайық пен екінші ұшақ тасымалдағышын жібереді, деп жазады Euronews.
Бұған дейін Израиль Қорғаныс министрі америкалық әріптестеріне еврей мемлекеті шабуылдарға тойтарыс беруге толық дайын екенін хабарлаған.
- Біз шабуылға дайынбыз. Тегеран мен Бейрут тарапынан қауіп төнуі әбден мүмкін. Дайындық пен қырағылық қорқыныш пен үрейдің синонимі емес екенін әркім түсінуі маңызды, - деді Израиль қорғаныс министрі Йоав Галлант.
Осының аясында Израиль әскерлері Хан-Юнис аймағындағы нысандарға тағы да соққы берді. Бұған дейін әскери қолбасшылық зымыран шабуылдарына қарсы операцияларға дайындық жүргізіліп жатқандықтан, бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға шақырған.