АҚШ-тың арнайы өкілі: Әлемдегі ірі қақтығыстар жыл соңына дейін реттеледі
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стив Уиткоффтың пікірінше, қазір әлемде болып жатқан барлық ірі қақтығыс 2025 жылдың соңына дейін реттеледі, деп хабарлайды Baha Breaking News.

АҚШ үкіметінің жоғары лауазымды өкілі бұл мәлімдемені сейсенбі күні министрлер кабинетінің отырысында жасаған.
— Ресей — Украина, Иран, Израиль — ХАМАС. Осы аптада біз бұл үш қақтығыс бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз және оларды биылғы жылдың соңына дейін реттейміз деп үміттенеміз, — деді Стив Уиткофф.
Уиткофф АҚШ президенті Дональд Трамптың бұл қақтығыстарды шешуге қосқан күш-жігерін жоғары бағалап, өзі Авраам келісімдерін кеңейтетін «бірнеше жаңа тармақпен» жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Бұған дейін Уиткоффтың Украина мәселесіне байланысты келіссөздер жүргізу үшін Парижге барғаны, Дохада израильдік тұтқындардың отбасыларымен кездескені және Мәскеуге сапарлағаны хабарланған болатын.