АҚШ-тың Капитолийге басып кіруге қатысы бар үш прокуроры жұмыстан босатылды

АСТАНА. KAZINFORM - Тәртіпсіздікке қатысушыларды қудалауды екі прокурор басқарды, ал екіншісі Капитолийге басып кіруге қатысты істерді қарады, деп хабарлайды Kazinform ВВС-ге сілтеме жасап.

Капитолий
Фото: Pexels

Associated Press екі дереккөзге сілтеме жасап жазғандай, агенттік көрген олардың біреуін жұмыстан босату туралы хатқа АҚШ бас прокуроры Пам Бонди қол қойған.

Құжатта жұмыстан босатудың себептері түсіндірілмеген: дәлел ретінде «АҚШ Конституциясының 2-бабы мен АҚШ заңдары» келтірілген. Әділет министрлігі AP-ке түсініктеме беруден бас тартты.

Трамптың екінші мерзімі басталғаннан бері Капитолийдегі тәртіпсіздік ісі бойынша жұмыс істеген бірнеше прокурордың лауазымы төмендетілді. Aл іс бойынша жұмыс істеу үшін уақытша қызметке алынған, содан кейін тұрақты қызметке берілген 20-ға жуық адвокат жұмыстан босатылды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Трамп Канадамен сауда келіссөздері аяқталғанын мәлім еткенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар