АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі қазақ тілінде сөйледі

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы өзінің Instagram аккаунтында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффттың қазақстандықтарға қазақ тілінде үндеуінің бейнесін жариялады.

Новый посол США в РК заговорила на казахском языке
Фото: АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі мен консулдығы

Елші өз сөзін қазақ тілінде бастады.

- Құрметті достар, әріптестер және қазақстандықтар! Менің атым Джули Стаффт. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі болып қызмет ету мен үшін үлкен құрмет, - деді дипломат.

Бейнежазбада ол өз сөзін ағылшын тілінде жалғастырып, жоспарлары туралы баяндады. Атап айтқанда, дипломат Қазақстан мен АҚШ арасындағы мәдениет пен білімнен бастап сауда мен жасанды интеллектіге дейінгі әртүрлі салаларда екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту ниеті туралы мәлімдеді.

- Бұл екі мемлекет үшін де өзара тиімді сауда, инвестиция және кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға көмектеседі, - деп атап өтті ол.

Еске сала кетсек, өткен жылдың қазан айында АҚШ Сенаты Джули Стаффтты АҚШ-тың Қазақстандағы келесі елшісі етіп бекітті.

Қаңтар айының басында Ақорда резиденциясында АҚШ елшісі Джули Стаффт пен Болгария елшісі Георги Воденскидің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. 

Соңғы жаңалықтар