АҚШ-тың Қытайдан ең көп несие алатыны анықталды
АСТАНА.KAZINFORM - Америкалық зерттеушілер Қытайдың дамушы елдерге емес, жоғары табысты елдерге несие беретінін, ал АҚШ Қытайдан ең ірі несие алушы екенін анықтады, деп хабарлайды NBC.
АҚШ-тағы Уильям және Мэри университеті AidData зертханасының есебінде 2000 жылдан 2023 жылға дейін Қытай әлемнің барлық аймақтарындағы 200 елге жалпы сомасы 2,2 триллион доллар несие мен грант бергені айтылған.
Төмен және орташа төмен табысты елдерге несие беру үлесі 2000 жылғы 88%-дан 2023 жылы 12%-ға дейін төмендеді. Бейжің сонымен қатар өзінің «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Жаһандық Оңтүстіктегі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруды азайтты.
Сонымен қатар, орта және жоғары табысты елдерді қолдауға бөлінген қаражаттың үлесі 2000 жылғы 24%-дан 2023 жылы 76%-ға дейін өсті. Мысалы, Ұлыбритания 60 миллиард доллар, ал ЕО 161 миллиард доллар алды.
Айта кетейік, Қытайда жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарыс күшейді.