АҚШ-тың мемлекеттік қарызы рекордтық деңгейге жетті

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 37 триллион доллардан асты. Бұл рекордтық сома Америка қарызының өсу қарқынын және салық төлеушілерге қысымның күшеюін көрсетеді, деп хабарлайды Kazinform Associated Press агенттігіне сілтеме жасап. 

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы рекордтық деңгейге жетті
Фото: apa.az

Ұлттық қарыз туралы жаңартылған ақпарат АҚШ қазынашылығының сейсенбі күні жарияланған есебінде қамтылған. 

Associated Press агенттігі атап өткендей, мемлекеттік қарыз пандемияға дейін болжанғаннан бірнеше жыл бұрын 37 триллион доллардан асты. Конгресстің бюджеттік кеңсесінің 2020 жылға арналған болжамы қарыз 2030 қаржы жылынан кейін ғана осы белгіден жоғары болады деп күткен. 

Алайда қарыз 2020 жылы басталып, АҚШ экономикасының көп бөлігін сал ауруына ұшыратқан COVID-19 пандемиясына байланысты күткеннен жылдам өсті. Содан кейін президент Дональд Трамп және Джо Байден басқарған федералды үкімет ел экономикасын тұрақтандыру және қалпына келтіруді қолдау үшін агрессивті түрде қарыз алған. 

Бұған дейін АҚШ импортталатын алтынға баж салығын салмайтынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар