АҚШ-тың Шарлотт қаласында заңсыз мигранттарға қарсы рейд басталды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-та федералдық билік Солтүстік Каролина штатының ең ірі қаласы Шарлоттта заңсыз мигранттарға қарсы ауқымды рейдтерді қолға алды, деп хабарлайды ТАСС.

АҚШ-тың Шарлотт қаласында заңсыз мигранттарға қарсы рейд басталды
Фото: Pexels

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, қалаға АҚШ Пограничный патрулінің қызметкерлері келді. Операцияны Грегори Бовино басқарып отыр. Ол бұған дейін Чикаго (Иллинойс штаты) мен Лос-Анджелесте (Калифорния штаты) заңсыз миграциямен күрес операциялары үшін жауапты болған.

Елдің ішкі қауіпсіздік министрлігінің өкілі Триша Маклафлин The New York Times газетіне ведомство Шарлоттқа қосымша күш жібергенін растады. Оның айтуынша, мұндай шаралар «америкалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» және олардың «қылмыскер-заңсыз мигранттар отбасыларына немесе көршілеріне зиян тигізеді деп қорықпай өмір сүруіне мүмкіндік беру» үшін жасалып отыр.

NBC News телеарнасының хабарлауынша, Пограничный патруль қазірдің өзінде тұтқындау жүргізген. Ал жергілікті билік мұндай шаралар «қоғамда қажетсіз үрей мен белгісіздік сезімін тудырады» деп мәлімдеп, қала тұрғындарын сабыр сақтауға және құқық қорғау органдарына қатысты зорлық-зомбылық жасамауға шақырды.

Шарлотт тамыз айында федералдық биліктің назарын аудартқан еді. Себебі украиналық босқын Ирина Заруцкаяның қастандықпен өлтірілуінен кейін қалада жағдай шиеленіскен. Америкалық Декарлос Браун пойызда 23 жастағы қызға пышақпен шабуыл жасаған. Қылмыскер ұсталып, оған кісі өлтіру бабы бойынша айып тағылды. Дональд Трамптың айтуынша, Браун бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған, полиция оны кемінде 14 рет ұстаған, бірақ ол әрдайым ешқандай кепілдік төлемей-ақ босатылған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп бағаның өсуіне қатысты алаңдаушылыққа байланысты кофе, сиыр еті, банан, апельсин шырыны секілді 200-ден астам өнімге салынған импорттық тарифтерді алып тастау туралы шешім қабылдағаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар