АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэмнің сөмкесін ұрлап кетті
АСТАНА.KAZINFORM — Жексенбі күні Вашингтондағы мейрамханада түскі ас кезінде АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэмнің сөмкесі ұрланды. Сөмкеде жүргізуші куәлігі, дәрі-дәрмектер, үй кілті, паспорт, косметика, министрлікке кіру рұқсаты және шамамен 3 мың доллар қолма-қол ақша болған, деп жазды Анадолы агенттігі.

Ноэм бұл оқиғаны растап, жағдайдың әлі де шешілмегенін мәлімдеді. Қауіпсіздік қызметінің өкілі ұры хирургиялық маска киген ер адам болғанын және оның бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын айтты.
Бұрынғы құпия қызмет қызметкері Джонатан Вакроу бұл жағдайды «қауіпсіздік жүйесіндегі осал тұс» деп атап, оқиғаны билік тарапынан жан-жақты тергеу қажет екенін айтты.
АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэмнің сөмкесі ұрланса, Қазақстанда 2024 жылғы 11 айдың есебі бойынша Қазақстанда ұрлық-қарлық 28,1%-ға азайды, яғни 40 458-ден 29 089-ға дейін төмендеген.