20:39, 21 Қыркүйек 2023 | GMT +5
АҚШ тұрғынын үйінің алдында аралар шағып өлтірді
АҚШ-та 59 жастағы ер адамға өз үйінің алдында аралар үйірі шабуылдаған. Салдарынан ол көз жұмды. Бұл туралы ABC News-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Оқиға сейсенбі күні АҚШ-тың Кентукки штатының Харлан округінде болды.
Ер адам үйінің ауласынан топырақ қоспасы салынған ескі қапты көтергенде, оның ішінде болған аралар үйірі сыртқа ұшып, өзіне атылған. Оған отбасы мен құтқарушылар көмекке асығып, қолдан дем алдыруға тырысқан. Ол жедел медициналық көмек көрсету бөлімінде көз жұмды.