07:24, 05 Маусым 2014 | GMT +5
АҚШ-тың әскери теңіз күштерінің ұшағы Калифорнияда апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ әскери теңіз күштерінің «Harrier AV-8B» ұшағы сәрсенбі күні Калифорния штатының Империал округінде апатқа ұшырады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Төтенше оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 16.20-да орын алған. Ұшақтың құлауынан бір тұрғын үй отқа оранған. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Телеарнаның мәліметтері бойынша, ұшқыш ұшақтан секіріп үлгерген, қазір ол ауруханада жатыр. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, ұшақ Мирамир әскери теңіз базасына тиесілі.