АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Ричард Хоугланд Ақтауға жұмыс сапарымен келді

АУ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ричард Хоугланд Ақтауға жұмыс сапарымен келді.
None
None

Облыс әкімдігінің басшыларымен жүздескен елші  аймақтағы индустриялық дамудың  жобаларымен танысып,  жергілікті БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды, ҚазАқпарат тілшісі.   

 Ричард Хоугланд өзінің келу мақсатын Қазақстанның  жаңа қарқынмен дамып жатқан аймақтарының жұмыстарымен танысу деп түсіндірді.

 «Мені «Жер.Теңіз. Аспан.»  жобасы қатты қызықтырды. Сондай-ақ аймақтағы ырғақты даму үдерістерін де көріп отырмын. Мен ойлағаннан әлдеқайда артық», деді ол.  

 Үш күндік жұмыс сапары барысында АҚШ елшісі Құрық кентіндегі «Ер-Сай Каспиан Контрактор» ЖШС-не, «Қазтеңізкөлікфлот» АҚ, Ақтау халықаралық теңіз сауда порты және «МАЭК Қазатомпром» ЖШС-нің    жұмыстарымен танысып, үкіметтік емес ұйымдармен аймақтың  экологиялық ахуалы тақырыбында пікірлеспек.

Соңғы жаңалықтар