АҚШ-тың оңтүстігінде бұршақ жауып, торнадо жүріп өтті

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні АҚШ-тың оңтүстік аймақтарында жойқын дауыл соғып, бұршақ жауды. Қолайсыз ауа райы тоғыз штаттың 11 миллион тұрғынына қауіп төндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат CBS News арнасына сілтеме жасап.

АҚШ-тың оңтүстігінде бұршақ жауып, торнадо жүріп өтті

Ұлттық ауа райы қызметі оңтүстік штаттарда бірнеше торнадо соққанын хабарлады.

Луизиананың солтүстік-шығысы, Миссисипидің орталық бөлігі және Алабаманың оңтүстік-батысындағы тұрғындар көбірек зардап шегеді деп күтілген, бірақ қираған ғимараттар туралы хабар түскен жоқ.

Алабама штатындағы Маскл Шолс, Джексон, Виксбург, Старквилл және Миссисипи штатындағы Меридиан, Арканзастың оңтүстік-шығысы және Теннесси қалаларында қатты жел соғып, бұршақ жауды.

Метеорологтардың мәліметінше, ауа райының күрт бұзылуына жылы, ылғалды ауамен шығысқа қарай жылжып, дүркін-дүркін найзағайларға ықпал ететін суық фронт себеп болған.

Миссисипи төтенше жағдайларды басқару агенттігі тұрғындарға электр қуатының үзілуіне дайындалып, жеке көлікпен қала сыртына шықпаған жөн екенін ескертті.

Видеодан алынған кадр cbsnews.com