АҚШ-тың сауда дефициті соңғы 9 жылдағы рекордтық көрсеткішке құлдырады

ВАШИНГТОН.  Шілденің  11-і.  ҚазАқпарат /Әлия  Алтынғазина/ -   АҚШ-тың Сауда департаменті        ағымдағы жылдың мамыр  айының көрсеткіштерін      жария  етті,  ол     мәліметке сәйкес     мамыр  айында елдің сауда  дефициті    соңғы  9 жылдағы    рекордтық    деңгейге   төмендеп,
None
None

26 миллиард  долларды  құрады,  деп  хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемдегі   жетекші  тұтынушы  болып табылатын  АҚШ осымен    оныншы ай    қатарынан     импорттық тауарларға  сұранысын қысқартуда.   Қаржы  дағдарысы мен жұмыссыздық   жағдайында  американдық сатып алушылар   сұраныстарын   барынша  қысқартып  отыр.  Сарапшылардың  пайымдауынша, бұл  үрдіс ағымдағы жылдың    соңына  дейін сақталады,  соның  нәтижесінде   елдің    қорытынды сауда дефициті    350  миллиард  долларға  жуықты құрайды.    Салыстырар болсақ,   2008 жылы     экспорт пен импорттың арасындағы   теріс   баланс  695,9  миллиард долларға жеткен.   Бұл, бірінші кезекте,     энерготасымалдағыштарға  деген  жоғары бағамен байланысты болды.

 АҚШ  үшін   позитивті сауда  дефицитінің  қысқару  үрдісі    оның  негізгі   серіктестері - Канада,   Жапония және  Қытай елдеріне теріс әсерін  тигізуде.

Соңғы жаңалықтар