19:11, 12 Мамыр 2009 | GMT +5
АҚШ-тың Ұлттық әскери колледжінен келген делегация ҚР Қорғаныс министрлігінде болды
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық Азия аймағының саяси, әскери және экономикалық дамуымен танысу мақсатында Қазақстанға келген, құрамында АҚШ-тың Ұлттық әскери колледжінің тыңдаушылары бар делегация ҚР Қорғаныс министрлігінде болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қонақтарды ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім беру және ғылым департаменті бастығының орынбасары полковник Даурен Кенжебаев қарсылады. Ол 2007 жылғы наурызда қабылданған Қазақстанның Әскери доктринасы халықаралық әскери ынтымақтастықта маңызды орын алатынын айтты. Доктрина аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы ретінде қарастырылады. Қарулы күштерді техникалық жаңғырту мәселелері бойынша АҚШ-пен ынтымақтастықты нығайту, әскери технологиялар трансферті, кадрларды даярлау және аймақтағы әскери инфрақұрылымды дамыту доктринаның басым бағыттары болып табылады. ҚР мен АҚШ қорғаныс ведомстволары арасындағы жоғары деңгейдегі қатынастардың көрінісі кезекті 2012 жылға дейінгі бесжылдық ынтымақтастық жоспарына қол қою болды. Оның аясында әскери-техникалық бағдарламалардың кең көлемі іске асырылуда.