АҚШ-тың жетекші tech-компанияларының көшбасшы әйелдері Қазақстанға келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы ғылым, технологиялар, инженерия және математика саласындағы көшбасшы-әйелдердің үлкен делегациясын (STEM) 2016 жылғы 14-18 наурыз аралығында елімізге шақырды.
None
None

АҚШ-тың кәсіпкер-әйелдерінің сапары АҚШ пен Қазақстан арасындағы инновация саласындағы ынтымақтастықтың 25 жылдығы ауқымында ұйымдастырылып отыр. TechWomen делегациясына қатысушылар мектептердің оқушы қыздары үшін практикалық шеберлік сабақтарын өткізеді, жас кәсіпкер-әйелдер үшін «speed geek» нетворкинг кездесулеріне, студенттер үшін бос орындар жәрмеңкесіне және жоғары технологиялар саласында мансап қуған әйелдер үшін бейресми нетворкинг кездесулеріне қатысады.

TechWomen мақсаты - STEM саласындағы көшбасшы-әйелдердің келесі ұрпағына қолдау көрсету, және байланыс орнату және оларды жігерлендіру, өз армандарын жүзеге асыруларына жәрдемдесу болмақ.

Делегаттар АҚШ-тың Apple, LinkedIn, Mozilla, Symantec және Yahoo сияқты көшбасшы tech компанияларынан келеді. Ақпараттық технологиялар саласындағы жеке компаниялардан мен техникалық унгиверситеттерден Орталық Азиядан, соның ішінде Қазақстаннан да төрт қыз осы делегация құрамында. 2015 жылы АҚШ-та TechWomen бағдарлама алмасу және менторлық түлектері болған олар осы компанияларда тағылымдамалық жобаларға және кәсіби даму семинарларына қатысқан болатын.

Соңғы жаңалықтар