АҚШ үкіметі ҚР Ішкі істер министрлігіне 7 млн. доллар көлемінде қаржы құйды - АҚШ Елшісі Р. Хоугланд

АНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - АҚШ үкіметі 7 жыл ішінде Қазақстанның Ішкі істер министрлігіне 7 млн. доллар  көлемінде қаржы құйды.Бұл туралы бүгін ІІМ-де көліктерді сыйға тарту рәсімі барысында АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Ричард Хоугланд мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «АҚШ елшілігі мен Қазақстанның Ішкі істер министрлігі арасындағы ынтымақтастықтың орнағанына 7 жыл уақыт өтті. Осы аралықта АҚШ үкіметі адам саудасына және есірткі тасымалына қарсы күреске орай Қазақстанның Ішкі істер министрлігіне 7 млн. долларға тарта қаражат құйды. Қаржы қазіргі заманғы техника мен құрал-жабдықтарға, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға жұмсалды», деп атап көрсеті Р. Хоугланд.

 Еске сала кетейік, бүгін Астанада АҚШ елшілігі ІІМ-не 21 көліктің кілтін табыстады.

Соңғы жаңалықтар