АҚШ үкіметі халықаралық көмек пен БАҚ-қа бөлінетін қаржыны қысқартады

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Сенаты USAID пен бұқаралық ақпарат құралдарын қаржыландыруды 9 млрд долларға қысқартуды мақұлдады, деп хабарлайды Кazinform тілшісі FOX News-ке сілтеме жасап.

Сенат одобрил сокращение финансирования USAID и СМИ на $9 млрд
Фото: Рүстем Қожыбаев / Kazinform

АҚШ Сенатындағы республикашылдар демократтардың және ішкі оппозицияның қарсылығына қарамастан, президент Дональд Трамп ұсынған 9 млрд долларды қайтару туралы шаралар пакетін қабылдады.

Заң жобасы Сенатта аз ғана басымдықпен – 51 дауыс «қолдап», 48 дауыс «қарсы» болып қабылданды. Енді құжат жұмаға дейін қабылдануы үшін Өкілдер палатасына жолданады.

Заң жобасында Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің (USAID) қаржыландыруын шамамен 8 млрд долларға және Ұлттық қоғамдық радио (NPR) мен Қоғамдық телехабар тарату қызметін (PBS) қаржыландыратын Қоғамдық хабар тарату корпорациясының қаржыландыруын 1 млрд долларға қысқарту көзделген. Бұл қаражаттар бұрын Конгресс тарапынан мақұлданған болатын.

Республикашылдар бұл заң жобасын федералды үкіметтегі ысырапшылдықпен, алаяқтықпен және заңсыздықтармен күрестің жалғасы ретінде таныстырып отыр.

Бұған дейін АҚШ Әскери-әуе күштері Мемлекеттік басқару тиімділігі департаментімен (DOGE) бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде 10,4 млрд доллардан астам қаражатты үнемдегенін мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар