АҚШ Украина келіссөзінен шығуы мүмкін – Мемлекеттік департамент
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Тэмми Брюстің айтуынша, АҚШ Украинадағы қақтығысты реттеудегі делдалдық рөлінен шығуы мүмкін. Соңғы шешімді АҚШ президенті Дональд Трамп қабылдайды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

— Қазір біз екі тараптың да осы қақтығысты қалай тоқтатуға болатыны туралы нақты ұсыныстарын айтуы керек уақыттамыз. Ары қарай қалай әрекет ететініміз қазір президентке тиесілі шешім. Егер ілгерілеу болмаса, біз бұл процесте делдал ретінде шегінеміз, — деп хабарлады Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Тэмми Брюс брифингте.
— Ол егер ілгерілеу болмаса, онда біз, әрине (бейбітшілік процесін) қалдырамыз деді. Бұл хатшының өте анық мәлімдемесі. Бұл оның маған жақында ғана айтқаны, — деп мәлімдеді Брюс АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиоға сілтеме жасай отырып.
Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Путиннің атысты уақытша тоқтату туралы ұсынысы Ресейдің келіссөздерге деген ұмтылысы деп мәлімдегенін жазған болатынбыз.