АҚШ, Украина мен ЕО елдері Трамп пен Путин саммитінің алдында кездесуге дайындалып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ, Украина мен Еуропалық Одақтың бірқатар елінің жоғары деңгейдегі шенеуніктері осы демалыста Ұлыбританияда кездесуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ВВС.

Олардың мақсаты – Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуінің алдында ұстанымдарын келісіп алу, деп хабарлайды Axios басылымы осы мәселеден жан-жақты хабардар үш дереккөзге сілтеме жасай отырып.
Украина мен НАТО-ның бірнеше елі Трамп Путиннің соғысты тоқтату және Киевпен территория алмасу жөніндегі ұсынысына өзгелердің ұстынымын назарға алмастан келісе сала ма деп алаңдап отыр, деп жазады басылым.
Путин Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффпен 6 тамыз күні өткен кездесуінде Украина аумағы бойынша келісетін болса, келісімге келуге дайын екенін айтқан болатын. Бұны Wall Street Journal украиналық және еуропалық дереккөздерге сілтеме жасап хабарлаған болатын.
Кешірек Трамп Путинмен болатын алдағы кездесуінде Ресей мен Украина арасында территория алмасу мәселесін талқылайтынын айтты.
Айта кетейік, Трамп Путинмен 15 тамыз күні кездеседі.