АҚШ Украина және Ресеймен үшжақты кездесуді кейінге қалдыруды ұсынды
АСТАНА.KAZINFORM – Украина, АҚШ және Ресей арасындағы осы аптаға жоспарланған үшжақты кездесу АҚШ әкімшілігінің бастамасымен кейінге қалдырылды. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.
Зеленскийдің айтуынша, Ақ үй Иранмен қарулы қақтығысқа байланысты бейбітшілік келіссөздерін кейінге қалдыруды ұсынған.
– Осы аптаға жоспарланған үшжақты кездесу Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты АҚШ-тың ұсынысы бойынша кейінге қалдырылды, - деді Зеленский.

Бұған дейін, 2026 жылдың 25 ақпанында Мәскеу, Киев және Вашингтон қатысатын Ресей-Украина қақтығысын реттеу бойынша үшжақты кездесу наурыз айының басына дейін кейінге қалдырылғаны хабарланған болатын.
Еске сала кетейік, бұған дейін Украина бойынша алдыңғы үшжақты келіссөздер Женевада өткенін хабарлағанбыз.