АҚШ Усама бен Ладеннің күйеу баласының активтерін жауып тастады

АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - АҚШ атышулы Усама бен Ладеннің күйеу баласы болып табылатын Мұхаммед Абдалла Хасан Әбу әл-Хайрдың активтерін жауып тастады, деп хабарлайды Associated Press агенттігі.
None
None

Вашингтондағылар, Әбу әл-Хайр Усама бен Ладеннің туысы ғана емес, ол сондай-ақ «Әл-Кайеда» халықаралық лаңкестік желісінің негізгі қаржыгерлерінің бірі деп санайды. Енгізілген санкциялар оның АҚШ аумағындағы активтерін ғана жауып қоймайды, сонымен бірге Құрама Штаттардың азаматтарына Әбу әл-Хайрмен қандай да бір іс жүргізуге тыйым салады.

Арнайы қызмет өкілдерінің пайымдауынша, Әбу әл-Хайр, лаңкестік желінің бас қаржыгері Әбу әл-Язида өлтірілгеннен кейін, салыстырмалы түрде жақында ғана «Әл-Кайеданың» бас қазынашысы атанған болуы мүмкін.

Айта кету кетек, осыдан екі жыл бұрын Саудия Арабстаны №1 лаңкестің күйеу баласын іздеу салынған қылмыскерлердің тізіміне қосқан болатын. Ондағылар, Әбу әл-Хайр көптеген лаңкестік әрекеттерге, оның ішінде 2001 жылы қыркүйектің 11-індегі Нью-Йорк пен Вашингтондағы шабуылдарды дайындауға қаржы жинауға көмектескендігіне сенімді.

Соңғы жаңалықтар