АҚШ Венесуэла жағалауында тағы бір мұнай танкерін бақылауға алды
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ жағалау күзеті санкциялар тізімінде тұрған және Венесуэлаға қатысты шектеулерді айналып өтуге тырысқан «көлеңкелі флотқа» тиесілі кемені «белсенді түрде қудалауды қолға алды, деп хабарлайды Al-Jazeera.
Америкалық шенеуніктің айтуынша, АҚШ Венесуэлаға жақын халықаралық су аумақтарында мұнай танкерін қудалап жүр. Бұл соңғы екі күн ішіндегі осындай екінші операция және соңғы екі аптаға жетпейтін уақыт ішіндегі үшінші жағдай болып отыр.
Жексенбі күні ресми өкіл Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында АҚШ жағалау күзетінің Венесуэланың АҚШ санкцияларынан жалтаруға тырысатын «көлеңкелі флотына» кіретін деп сипатталған кемені «белсенді түрде қудалауды жалғастырып жатқанын» мәлімдеді.
Шенеунік сондай-ақ бұл кеменің «арандатушылық әрекеттерге барғанын» және «сотпен шектеу қойылғанын» екенін айтты.
Reuters агенттігі америкалық шенеунікке сілтеме жасап, танкердің санкциялар тізімінде тұрғанын хабарлады. Алайда агенттік әзірге кеме бортына ешкімнің көтерілмегенін және ұстап алу әрекеттері түрлі формада жүзеге асуы мүмкін екенін атап өтті. Олардың қатарына күмән тудыратын кемелердің маңында жүзіп өту немесе әуеден бақылау да кіреді.
Ресми өкіл операцияның нақты қай жерде жүргізіліп жатқанын және нақты қай кеменің қудаланғанын ашып айтпады.
Дегенмен, теңіздегі тәуекелдерді басқарумен айналысатын британдық Vanguard тобы бұл кемені Bella 1 екенін айтып отыр. Ол — өте ірі мұнай шикізатын тасымалдаушы танкер. АҚШ Қаржы министрлігі өткен жылы бұл кемені Иранмен байланысы бар деп санап, санкциялар тізіміне енгізген.
TankerTrackers.com деректеріне сәйкес, жексенбі күні Bella 1 танкері Венесуэлаға жақындаған кезде бос болған.
Reuters агенттігі Венесуэланың мемлекеттік мұнай компаниясы PDVSA-ның ішкі құжаттарына сілтеме жасап, 2021 жылы бұл кеменің венесуэлалық мұнайды Қытайға тасымалдағанын хабарлады. Сондай-ақ агенттік кеме қозғалысын бақылау қызметінің деректеріне сүйене отырып, бұған дейін бұл танкердің ирандық мұнайды да тасымалдағанын мәлімдеді.
Соңғы операция АҚШ президенті Дональд Трамп жариялаған «тосқауыл» аясында сенбі күні АҚШ Венесуэла жағалауында мұнай танкерін басып алғаннан кейін жүзеге асырылды.
Айта кетейік, АҚШ Венесуэланың мұнай тасымалдайтын 6 компаниясына санкция салды.