АҚШ Венесуэладан жоғары байытылған уран шығаруды аяқтады

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ Венесуэла және Ұлыбританиямен серіктестіктесе отырып, Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) техникалық қолдауымен Венесуэла зерттеу реакторынан жоғары байытылған уранды сәтті түрде шығарды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Вашингтондағы тілшісі АҚШ Мемлекеттік департаментіне сілтеме жасап.

США завершили операцию по вывозу высокообогащенного урана из Венесуэлы
Фото: iaea.org

Сәуір айының соңында Венесуэла АҚШ-тың тарихи «Атом бейбітшілік үшін» бағдарламасы аясында Венесуэлаға жеткізілген RV-1 ядролық зерттеу реакторынан жоғары байытылған уранды тасымалдауға дайындады.

Мамыр айының басында ядролық материал Ұлыбританиямен Оңтүстік Каролина штатының Айкен қаласындағы Саванна өзені алаңына қауіпсіз тасымалданды.

МАГАТЭ бұл операцияда маңызды рөл атқарды, техникалық сараптаманы қамтамасыз етті және бөлшектеу процесінде бақылаушы ретінде әрекет етті. АҚШ Мемлекеттік департаменті Венесуэладан қауіпті ядролық материалдарды шығару операциясы АҚШ-тың қауіпсіздік позициясын жақсартып, бүкіл әлемдегі ядролық қауіпсіздікті нығайтты деп хабарлады.

Бұған дейін АҚШ Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске қарсы санкцияларды алып тастағаны хабарланған болатын.