АҚШ ядролық қауіпсіздік бойынша Қазақстанмен стратегиялық әріптестігін ары қарай дамыта беруге мүдделі - АҚШ Энергетика министрі (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ ядролық қауіпсіздік бойынша Қазақстанмен стратегиялық әріптестігін ары қарай дамыта беруге мүдделі. Бұл туралы бүгін Қазақстанға сапары аясында Назарбаев Университетіндегі дәріс оқыған АҚШ Энергетика министрі Эрнест Мониз мәлім етті.

АҚШ ядролық қауіпсіздік бойынша Қазақстанмен стратегиялық әріптестігін ары қарай дамыта беруге мүдделі - АҚШ Энергетика министрі (ФОТО)

Дәріс барысында АҚШ минситрі Қазақстанның ғаламдық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жетекші рөлін атап өтті.

«Мен Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын, жалпы Орталық Азияда болған емеспін. Меніңше, бұл өте сапалы әрі тиімді сапар болып отыр. Назарбаев Университетін көріп, мен үлкен әсер алдым, бұл Қазақстан үшін жаңа білім беру пулы болмақ және жалпы елдің дамуына көлемді үлес қосады деп есептеймін. Климаттың өзгеруіне және таза энергетикаға қатысты тақырыпты қозғамас бұрын, АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарға тоқталғым келеді. Бұл қарым-қатынастар адамзат алдындағы екі өзгерістерге қатысты болып отыр. Оның алғашқысы - ядролық қауіпсіздік, оның ішінде ядролық қаруды таратпау жөніндегі мәселе. Біз Қазақстанмен осы бағытта көп жылдардан бері әріптестік орнатқанбыз, Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері біз ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздік жөнінде байланыс жасап келеміз. Бұл біздің достығымыз үшін өте маңызды тақырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды таратпауға қатысты өзінің берік ұстанымын танытып келеді», - деп атап өтті Э.Мониз студенттер алдында оқыған дәрісінде. 

АҚШ энергетика министрі, сонымен қатар, Қазақстанның Иран келіссөздерін шешуге үлкен үлес қосып, әлемдік бейбітшілік жолында өзінің рөлін қосқанын да тілге тиек етті. Әлемде ядролық қауіпсіздікті нығайту мен ядролық қарусыз әлем жөніндегі ортақ көзқарасқа жетуде АҚШ Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті жалғастыруға дайын екендігін де білдірді.

«Иран мәселесінде Қазақстан үлкен үлес қосты. Оны бағалай кетпеуге болмайды, себебі Қазақстанның арқасында былтыр күзде Иран келіссөздері нәтижелі пәтуәмен аяқталған болатын. Осы келіссөздер негізінде байытылған уранды Ираннан шығаруға мүмкін болды. Және оның орнына Қазақстан табиғи уранды жеткізген еді. Осының барлығы Қазақстанның маңызды рөлін көрсетіп отыр. Біз осы бағыттта Қазақстанмен ары қарай да қарым-қатынасымызды дамыта беруге мүдделіміз. Менің бұған күмәнім жоқ және біз Иран келісімін толықтай орындап шығамыз деп ойлаймын», - деп түйді Э.Мониз. 

null null null null null null null