АҚШ Йеменде ұшқышсыз ұшақтарға соққы берді

АСТАНА. KAZINFORM  - Америкалық әскери ұшақ Иранның тағы үш ұшағы мен баллистикалық зымыранын атып түсірді. Бұл туралы «Америка дауысы» хабарлады. 

АҚШ Иранның үш ұшағын атып түсірді
Фото: golosameriki.com

АҚШ Йемен ұшыруға дайындап жатқан 10 ұшақты жойып жіберді. Бұл соққылар Газа секторындағы қақтығыс аймаққа тарап жатқан шиеленіс кезінде жасалды. 

«АҚШ Әскери-теңіз күштерінің кемесі Аден шығанағында Иранның үш ұшқышсыз ұшағын және хуситтердің кемеге қарсы баллистикалық зымыранын атып түсірді», - деп хабарлады АҚШ Орталық қолбасшылығы.

Құрбан болғандар мен қирау туралы ақпарат түскен жоқ. 

Бұған дейін хуситтер әскери-теңіз күштерінің АҚШ-тың Гревли эсминеціне зымыран шабуылынан кейін Аден шығанағында «америкалық сауда кемесіне» қарсы операция жүргізгенін хабарлаған. 

Хуситтердің Қызыл теңіздегі және оның айналасындағы жүк тасымалына жасаған шабуылы Азия мен Еуропа арасындағы сауданы бәсеңдетіп, тауар жеткізілімін қиындатты. Бұл шабуылдар Газа секторындағы соғыс аймақтық қақтығысқа ұласуы мүмкін деп қауіптенген ірі державаларды да алаңдатып отыр. 

Соңғы жаңалықтар