14:10, 11 Қазан 2023 | GMT +5
АҚШ жағалау күзеті «Титан» батискафының қалдықтары мен адам сүйектеріне ұқсас заттарды тапты

«АҚШ жағалау күзетінің Теңіздегі апаттарды тексеру комиссиясының қауіпсіздік мәселелер жөніндегі инженерлері Солтүстік Атлант мұхитының түбінен «Титан» сынықтары мен айғақтарын анықтап, шығарды», - делінген хабарламада.
Жағалау күзеті сарапшылар портқа дәлелдемелерді «каталогтау және талдау үшін» жібергенін атап өтті. Мәлімдемеде сондай-ақ сүңгуір кеменің сынықтарынан адам сүйектеріне ұқсайтын заттар шығарылғаны делінген. Олар дәрігерлерге сараптамаға жіберілді.