АҚШ жарнамаға бола Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатады

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ президенті Дональд Трамп Рональд Рейган түскен жарнамалық роликке бола Оттавамен сауда келіссөздері аяқталғанын жариялады.

США прекращают торговые переговоры с Канадой из-за «фальшивой» рекламы
Коллаж: Kazinform

Ақ үй басшысы Канаданы АҚШ-тың бұрынғы президенті Рональд Рейганның АҚШ тарифтері туралы теріс пікір білдірген «жалған» жарнамасын пайдаланды деп айыптады.

Жарнамада АҚШ-тың 40-шы президентінің тарифтер «әрбір америкалыққа зиян келтіреді» деген сөзі келтірілген.

Трамп Канаданың Онтарио провинциясының үкіметі демеушілік еткен жарнама фактілері бұрмаланған деп мәлімдейді.

- Рональд Рейган қоры жақында Канаданың тарифтер туралы теріс пікір білдірген Рональд Рейганның жалған жарнамасын алаяқтық жолмен пайдаланғанын жариялады. Жарнама 75 миллион долларға бағаланды. Олар мұны тек АҚШ Жоғарғы сотының және басқа да соттардың шешімін бұзу үшін жасады, - деп жазды ол Truth Social парақшасында.

Америка көшбасшысы кедендік баждардың ұлттық қауіпсіздік пен ел экономикасы үшін өте маңызды екенін атап өтті.

Канада билігі Трамптың мәлімдемесіне әлі түсінік берген жоқ.

Америкалық консерватизмнің символы саналатын Рональд Рейган 1981 жылдан 1989 жылға дейін АҚШ президенті қызметін атқарды.

Маусым айының соңында Трамп цифрлық қызметтерге салынатын салықты айтып, Канадамен барлық сауда келіссөздерінің аяқталғанын жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, көктемде АҚШ Канада импортына, соның ішінде ағаш, болат, алюминий және автомобильдерге 25% тариф енгізді, бұл Оттаваның тиісінше жауап қайтаруына себеп болды. Ал жазда Трамп тарифті 35%-ға дейін көтерді.

Осыған дейін Трамптың Мексика мен Канада келісімін қайта қарайтыны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар