АҚШ: Жарылғыш затпен оқу-жаттығу кезінде бес офицер жарақат алды

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Филадельфия қаласындағы Федералдық тергеу бюросы (Federal Bureau of Investigation, FBI,) бөлімшесі оқу-жаттығу кезінде бірнеше агенттіктің жарылғыш заттармен жұмыс істейтін маманы жараланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі NBC News арнасына сілтеме жасап.

АҚШ: Жарылғыш затпен оқу-жаттығу кезінде бес офицер жарақат алды

Филадельфия Федералдық тергеу бюросы Феникс штатындағы Колледжвиллде тренинг өткізді. Оқу-жаттығу кезінде құрылғы күтпеген жерден жарылып, салдарынан құқық қорғау органдарының бес қызметкері жарақат алды.

Ресми тұлғалардың хабарлауынша, Монтгомери округіндегі шериф кеңсесінің үш, Пенсильвания штаты полициясының және Филадельфиядағы Федералдық тергеу бюросы бөлімшесінің жарылғыш заттармен жұмыс істейтін мамандары жарақат алған.

Монтгомери округінің мәлімдемесінде олардың үш қызметкері 12 жылдан 14 жылға дейін жұмыс өтілі бар шериф қызметінің ардагерлері екені айтылған.

Күштік құрылым офицерлері ем алу үшін ауруханаларға жеткізілді.

Федералдық тергеу бюросы мен Пенсильвания штатының полициясы тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.



Фото: nbcnews.com