АҚШ Жоғарғы соты 350 мың венесуэлалықты депортациялауды қолдады

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Жоғарғы соты биліктің 348 202 венесуэлалық мигранттың қорғаныс мәртебесін алып тастау жоспарын қолдады. Бұған дейін Сан-Франциско судьясы бұл шешімге вето қойған, деп хабарлайды DW.

Верховный суд США поддержал депортацию 350 000 венесуэльцев
Фото: wikipedia.org

АҚШ Жоғарғы соты Дональд Трамп әкімшілігінің 350 мыңға жуық венесуэлалық мигранттың қорғанысын алып тастау жоспарын қолдады. Тиісті құжат дүйсенбі, 19 мамырда соттың сайтында жарияланды

Бұл шешім 2023 жылы «уақытша қорғанысты пайдаланған тұлғалар мәртебесін» (Temporary Protected Status, TPS) алған 348 202 венесуэлалық мигрантқа қатысты болады, деп хабарлайды Reuters.

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі (ІҚМ) бұған дейін олардың мәртебесін жою туралы шешім қабылдаған, бірақ Сан-Францискодағы федералды судья оған вето қойды. Енді Жоғарғы сот биліктің жағына шықты.

Бұған дейін ІҚМ CHNV (Cuba, Haiti, Nicaragua, Venezuela) бағдарламасы бойынша АҚШ-та қалған Куба мен Гаити, Никарагуа және Венесуэладан келген 500 мыңнан астам мигрантты депортациялауды жоспарлап отырғанын хабарлады. Оны 2022 жылдың қазан айында Джо Байден әкімшілігі іске қосты. 

Сонымен қатар АҚШ-тан депортацияланған 199 мигрант мінген алғашқы ұшақ Венесуэла оларды қабылдауға келісім бергеннен кейін елге қонғанын жазған болатынбыз.

Еске сала кетсек, судья Трамптың адамдарды депортациялау бойынша өкілеттігін шектеді.

Соңғы жаңалықтар