Ақша айырбастау орындарында доллар 490-495 теңгеден саудаланып жатыр

Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр
Фото: ҚазАқпарат

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 490-495 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 7 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 492,14 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,01 теңге. Еуро — 528,85.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 492,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 494,5 теңге. Еуро 527 — 531,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 490 теңге, сатып алу құны — 495 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 — 5,07 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 6 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,19 теңгеге қымбаттап, 492,20 теңге болған.

Осыған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар курсына қатысты пікір білдірген еді. 

Сондай-ақ қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов теңге құнының әлсіреу себебін түсіндірген болатын. 

Соңғы жаңалықтар
telegram