Ақша айырбастау орындарында доллар 493-498 теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 493 – 498 теңге аралығында саудаланып жатыр.

доллар
Фото: freepik

Ұлттық банктің 12 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 492,65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,03 теңге. Еуро — 525,71.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 495,90 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 497,70 теңге. Еуро 527 — 531теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 493 теңге, сатып алу құны — 498 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 - 5,12 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 11 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,53 теңгеге төмендеп, 493,27 теңге болған.

Осыған дейін отандық қаржы сарапшылары теңгенің долларға шаққандағы бағамына қатысты өз ойларын айтты. 

Қаржыгер Расул Рысмамбетов қазір теңгенің әлсіреуі АҚШ-тағы сайлаудың нәтижесі емес, ең алдымен ішкі экономикалық факторларға байланысты деп есептейді.

Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар курсына қатысты пікір білдірген еді. 

Соңғы жаңалықтар