Ақша айырбастау орындарында доллар 509 – 516 теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 509 — 516 теңгеден саудаланып жатыр

Ұлттық банктің 10 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 510,08 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,15 теңге. Еуро — 539,61.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 510,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 515,1 теңге. Еуро 538 — 545 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 509 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 532 теңгеден сатылып, 542 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,07 — 5,17 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 9 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,07 теңгеге төмендеп, 509,55 теңге болған.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді.
Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына әсер етуі мүмкін екенін айтты.
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, теңге бағамының әлсіреуіне негізгі үш фактор әсер етіп отыр.
Осыған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамының 600 теңгеге дейін өсуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.