Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау орындарында:
— доллар: сатып алу — 538,87 теңге, сату — 540,82 теңге;
— еуро: сатып алу — 623,81 теңге, сату — 627,75 теңге;
— рубль 6,54 — 6,66 теңге аралығында саудаланады.
— юань 76,09 — 78,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Елорданың ақша айырбастау пунктерінде:
— доллар 536,55 теңгеден сатып алынады, 542,45 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 621,42 теңге, сату — 629,43 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,58 теңге, сату — 6,73 теңге.
— юань 76,31 теңгеден сатып алынады, 80,03 теңгеден сатылады;
Еске салайық, өткен апта аяғында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,01 теңгеге қымбаттап, 538,13 теңге болды.