Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Тенге укрепляется по отношению к доллару
Фото: Kazinform/ Pixabay

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар 487,03 теңгеден сатып алынады, 494,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 564,09 теңге, сату — 574,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,40 теңге, сату — 6,70 теңге;
— юань 68,98 теңгеден сатып алынады, 74,02 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар: сатып алу — 483,81 теңге, сату — 491,51 теңге;
— еуро: сатып алу — 568,65 теңге, сату — 573,73 теңге;
— рубль 6,50 — 6,62 теңге аралығында саудаланады.
— юань 70,61 — 72,99 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 15 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,04 теңгеге өсіп, 491,37 теңге болды.