Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 529 – 534 теңгеден саудаланып жатыр.

доллар
Фото: freepik

Ұлттық банктің 14 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 528,52 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,17 теңге. Еуро – 539,14.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 529,05 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 532 теңге. Еуро 539— 545 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 530 теңге, сатып алу құны – 534 теңге. Еуро 541 теңгеден сатылып, 546 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,07 - 5,17 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 13 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,83 теңгеге қымбаттап, 528,71 теңге болған.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты. 

Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына әсер етуі мүмкін екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар