Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 — 534 теңгеден саудаланып жатыр.

доллар
Фото: freepik

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 528,5 теңге. Еуро 540 — 547 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 527 теңге, сатып алу құны — 534 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 550 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,93 — 5,07 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 525,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,88 теңге. Еуро — 546,74.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты. 

Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына әсер етуі мүмкін екенін айтты.