Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 – 522 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 23 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,07 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,37 теңге. Еуро — 595,21.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 519 теңге. Еуро 594 — 599 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 592 теңгеден сатып алынып, 600 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,26 - 6,42 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 22 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,15 теңгеге төмендеп, 518,07 теңге болған.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.